Жалпы, жағдай былай:
Қазақ елі тәуелсіз ел емес және қазақ халқы әлі де бодандықта. Ел байлығы 5-6 адамның қолында. Оның бәрі қазақ емес, президенттен басқа.. Елге жанашыр болып отырған басшы жоқ. Сәулелі болашақтан үміттенгенді қою керек. Бізге ешкім болашақта жер беріп, байлық беріп еркелетейін деп отырған жоқ. Сондықтан, қарапайым қазақтың өмір сүру қағидасы мынандай болу керек:
1. Ешкімге сенбе. Әсіресе әкімге, полицияға, сотқа. Олардың ешқайсысына сенің жақсы өмір сүргенің керек емес. Оларға сенің құл болғаның маңызды.
2. Шамаң келсе көршіңмен, немесе кез келген сауда саттық жасасқан адаммен, барынша өзара келісімге келуге тырысыңдар. Өйткені дауларың ешқашан әділетті түрде шешілмейді. Әрбір дауға байланысты істі шешер шенеунік, сенің дауыңды емес, өзінің қалтасын ойлайды.
3. Бала-шағаңды балабақшаға, мектепке толығымен сеніп тапсырушы болма. Тексеріп тұр. Үйде білгеніңді үйрет. Өйткені қазіргі білім ордасының жұмысы да биліктің құлын тәрбиелеуге бағытталған. Сондықтан, жоғары лауазымды шенеуніктердің балалары өз елінде оқымайды.
4. Денсаулығыңды күт. Артық ақша табам деп, өзіңді зорықтырма. Өйткені сені емдейтін дәрігер жоқ. Тапқан ақшаң барлығымен емге кетеді. Күйеуі әйелін, әйелі күйеуін аялап, күтіп-бағып ұстауы керек. Өйткені сенің жанұяңның бақытты да баянды өмір сүруі де ешкімге керегі жоқ. Қазақты отбасыларын құрту арқылы азайту саясаты бар. Сондықтан жастар үйсіз-күйсіз, жұмыссыз сандалып жүр. Келешектің тамырына балта шабылғалы қашан..
5. Жеті атаңды біл, бірақ, руға бөлінбе. Найманнан, немесе адайдан қорықпа, анау қаптап келе жатқан қытайдан, 300 жылдан астам жеріңді иеленіп, арыстарыңды атып, тіліңді құртпақ болған орыстан, қылт етсе еншісін ала қоймақ болып отырған ұйғырдан, не тілін білмей, не ділін білмей, қазақтығынан қашқан мәңгүрттен қорық.
6. Көшеде жәбір көрген қазақты көрсең, көмегіңді аяма. Үндемей қасынан өтіп кетуші болма. Ақылсыз қазақты көрсең ашуға берілмей, тыңдамаса да бар ақылыңды айт. Сенің міндетің білгеніңді айту.
7. Дәл бүгін қазақ әке-шешесіз қалған жетімнің күнін кешуде. Сондықтан, тек бірлігіміз ғана тірек бола алады бізге. Билікке сенбе, олар бізді құлқыны үшін сатып кеткен. Болашағымыз тек өз қолымызда. Бір-бірімізге мейірімді, қайырымды болайық ағайын.